Жүгіру жолы
Кіру
AA+
“Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” КМҚК
Жүгіру жолы
“Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” КМҚК

Бүгін Астана қаласында Спорт күніне орай спорт саласының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спорт саласының үздіктеріне марапаттарын табыстады. 🇰🇿
Солардың қатарында Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бассейн меңгерушісі Жеребятников Юрий Геннадиевич те бар. Ол «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды! 
Юрий Геннадиевич аталған мекемеде 20 жылдан астам уақыт бойы абыроймен еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде бассейннің дамуына, оның жұмысының жүйелі жүргізілуіне зор үлес қосып, балалар мен жасөспірімдер спортының өркендеуіне елеулі еңбек сіңірді.
Бұл марапат — Юрий Геннадиевичтің көп жылғы адал еңбегіне, кәсібилігіне және спорт саласына қосқан үлесіне берілген лайықты баға.
Юрий Геннадиевичті жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбегіңізге толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! 
#СпортКүні #ҚұрметтіСпортҚызметкері #СпортҮздігі #БалаларСпорты #Астана #ТуризмЖәнеСпортМинистрлігі