2025 жылдың 3-9 желтоқсан аралығында Алматы қаласында 2010-2011 жылдары туған юниорлар арасында өткен Қазақстан Республикасының бокстан чемпионаты мәресіне жетті. Сол жарыста - Сәтбаев қалалық балалар‑жасөспірімдер спорт мектебі оқушысы, жас боксшы Қалханов Жандос (бапкері - Сапарбай Н.Қ) - құрметті 3-орын иеленді.
Жандос-сенің табандылығың, еңбекқорлығың және үлкен жүрегің бізді шын қуантты. Бұл - сен үшін ғана емес, спорт мектебіміз бен бүкіл Сәтбаев қаласы үшін мақтаныш!